Трамптың президенттік лауазымын тартып алуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709184719838_small.jpg

19 желтоқсанда сайлаушылардың бір бөлігі басқа үміткерге дауыс береді. Бір ай бұрын миллиардер Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлауда жеңіске жеткен. Десек те,   мұхиттың арғы жағындағы электоралдық дауыс беру жүйесі екі санатта өтетінін ескеру керек. Ең алдымен 8 қарашада қарапайым американдықтар бюллетендерде таңдаған үміткерді белгілейді. 40 күннен кейін әр штатта сайлаушылар алқасы жиналып, өз аймақтарында жеңіске жеткен үміткерге дауыс береді. Теория бойынша осылай. Трамп 50 штаттың 30-да қарсыласынан басым түскен. 19 желтоқсанда күтпеген жағдайлар орын алуы ықтимал. Бұл күні сайлаушылардың жарты бөлігі басқа үміткерге дауыс беруі әбден мүмкін.  

Дүйсенбі күні New York Times газетінде жарияланған ашық хатта Техас сайлаушысы Кристофер Супрун магнатқа дауыс бермейтінін мәлімдеді. «Трамп ұлтты біріктірудің орнына, жанжалды өршітіп отыр» деп жазған. Бұл «ковбойлық штаттан» өз шешімін өзгерткен екінші адам. Бұдан бұрын оның әріптесі Арт Сиснерос осыған ұқсас шешімін мәлімдеген.

АҚШ бойынша «КП» сарапшысы, РФ Үкіметінің жанындағы Қаржы университетінің доценті Геворг Мирзаян Трампты Техаста көбі жақтырмайды деген болатын.  Жетекші партиялардың уәкілдерін алдын-ала таңдау барысында бұл штат өз сенаторлары Тед Крузды қолдаған (Ішкі партиялық сайлауда Трамп озды). Заң бойынша сайлаушы тұратын штаты таңдаған үміткерге дауыс беруге міндетті емес. Басқа үміткерді таңдаған жағдайда қаржы төлейді.

Саясаттанушы-американист Виктор Олевичтің айтуынша АҚШ тарихында сайлаушылардың таңдауына179 сайлаушы қарсы шыққан. «1836 жылы вице-президент сайлауындағы  қорытынды, халықтың шешімін өзгертті. Ол кезде тіпті бұрыңғы президент орнында қалған. Қазір Трампқа 300-ден сәл асатын сайлаушылар дауыс бермек. Ал оның басты қарсыласы Клинтонға - 232. 19 желтоқсанға дейін халықтың шешімін өзгертіп жіберетіндей, өзгерістер болады деп ойламаймын. Бұл – АҚШ-тың саяси дәстүріне де қайшы».  

Дональд Трамп өз президенттігінің алғашқы 100 күнгі бағдарламасын бейне үндеу арқылы айтып берді. Ең басты ұраны әдеттегідей Америкаға бұрыңғы қалпын қайтару болды.

                                                                                                                                                                                 www.kp.ru сайтынан аударған Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар