Оңтүстік өңір диқандарыбиыл жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Мұның барлығы үлкен ерен еңбек пен ауыл шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен екені анық. Биыл өңірдегі диқандар гектардан орта есеппен 20 центнерден өнім алып, қамбаға өткен жылғыдан 200 мың тонна артық астық құйды.
Жаздың әрбір күнін пайдаланып қалмаса, қыста қиналарын білетін түстіктің шарулары маусымның он бесінен бері тынымсыз тер төкті. Күн райының қолайлы болғанын құп көрген олар өткен айдың өзінде 182 мың гектар алқапты бүгінгі күні орып бітті.
Ауыл шаруашылығының мамандары берген мәліметке сенсек, бүгінде қырманға жеткізілген өнім көлемі 632 тоннадан артық. Осының өзі өткен жылғыдан әлдеқайда көп.
Өткен жылғы құрғақшылық салдарынан әр гектардан 4 центнер өнім әрең алған диқанның бірі - Нематулла Сейтжаппаров. Өткен жылғы ауа райы қолайсыз болғанын, мұндай астық жиналмағанын диқан ашық үлкен қуанышпен айтуда. Алайда бүгінгі береке кешегіні ұмыттырған. Қырманы дәнге толған ол келесі жылға дайындықты бүгіннен бастапты. Биылғы ауа-райы қолайлы болғандығынан, өңірде мал азығы да артығымен жиналды. Ал қазір міне өңір диқандары күзгі егісті бастады.