12- желтоқсан күні Алматы қаласы Жетісу ауданы №87- жалпы білім беретін мектепте «Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі» иегері, мектеп директоры – Ләззат Шәймұратқызы Шайкенова мен «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері - Нұргүл Қанайбекова, Зәмзагүл Жаниева, Ербол Ілиясовтардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «Татулық пен теңдік жарастығы» атты шара өтті.

Шара аясында ақын, публицист, қоғам қайраткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері – Жұмаш Кенебай (Көкбөрінің) 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан қасіретіне арналған «Зобалаң» атты тарихи дастанының сахналық нұсқасы арада 30 жыл өткеннен кейін тұңғыш рет жұртшылық назарына ұсынылды.
Жұмаш Кенебайдың «Зобалаң» дастанын сахналаған режиссер, кинотанушы ғалым, профессор - Шаяхмет Имашұлы.
Аталмыш мектеп ұжымы авторды, мектеп оқушыларын және режиссерді еңбектері үшін құттықтады!
Бұл шарада № 87- мектептің 11 «а» және 11 «ә» сынып оқушылары:
Назерке Әсетова, Дияс Уагап, Арайлым Саятқызы, Айгерім Тойболды, Бекжан Орынғазин, Дина Ержанқызы, Гүлбану Базарбаева, Индира Джексенбинова, Әлия Тоқмұхамедова, Дидар Нұртасов, Айбек Сұлтанов, Ұлбала Нұрбек, Фарух Хұсайынов, Әділет Сұлтанғалиев сынды жас ұландар өнер көрсетті.
Бұл арада баса назар аударатын бір мәселе - №87-жалпы білім беретін мектепте бүгінде 25 ұлттың өкілі оқитын болып шықты.
Әйгілі Желтоқсан қасіретіне арналған шығарма «Зобалаң» дастанының авторы Жұмаш Кенебай мектеп ұжымына, «Зобалаңда» рөл сомдаған мектеп оқушыларына, қойылым режиссері Шаяхмет Имашұлына шексіз ризашылығы мен алғысын білдірді...
Бұлғын Сусар