Бостандыққа шыққан Мұхтар Әбіләзов 2005 жылы Қырғызстандағы революцияны қаржыландырғанын мойындады, деп хабарлайды «Ферғана» экс-банкирмен сұхбаттасқан Liberation француздық газетке сілтеме жасай отырып.
Әбіләзов өзінің қуғындалуы саяси сипат алатынын алға тартты. Саяси қызметіне мысал ретінде Қырғызстанда болған оқиғаны келтірді: «2005 жылдың басында мен Қырғызстанда құлдырау режиміне жағдай жасау үшін оппозицияны қаржыландырдым. Бұл посткеңестік республикаларда демократиялық процесс басталып, Қазақстанға үлгі бола алатын дұрыс реформа жүргізе алуы үшін маңызды еді».
Прокуратураның мәліметінше, Әбләзов пен оның серіктері 7,5 миллиард доллардан астам қаржы жымқырған. БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың жазында Францияның оңтүстігінде қолға түсіп, темір торға отырғызылған болатын. Оны Қазақстанда, Украинада, Ресейде үлкен масштабта ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Әбіләзов болса кінәні мойындамастан тағылған айыптан саяси астар іздеді.