31 арнада тұсаукесер! 14 желтоқсаннан бастап 21.00-де әйгілі «Кухня» телехикаясының көптен күткен спин-офф нұсқасын көре аласыздар. Дегенмен, «Отель Элеон» «Кухнядан» да ауқымды. Бір қуанарлығы, «флагмандық» жобада «Кухнядағы» көрерменнің сүйкімін оятқан ерекшеліктер сақталған. Мұнда жан жадыратар әзіл, динамика, мінезді кейіпкерлер, комедиялық туындыны экшн-ға, авантюраға, детективке айналдырған бірегей хикаялар бар.
Көрермендердің ендігі назары мейрамхананың ішіндегі өмірге емес, отельдің жасырын, бүркемелі жағындағы өмірге ауады.
…Виктор Баринов зейнетке кетті, ал Элеонора Андреевна өзінің арманындағы ер азаматты жолықтырды – «Кухняның» алтыншы маусымы осылай аяқталған болатын. Бірақ өмір онымен тоқтаған жоқ. Михаил Джекович әлі күнге «Элеондағы» тәртіпке жауап береді, ал Victor мейрамханасының бас аспазы етіп Сеня тағайындалған. Өмір өз арнасымен ағып жатқан, кенеттен отельдің бастығы болып бұрынғы қожайынның немере інісі Павел деген жүгермек келеді. Павел әпкесінің қатаң талаптарын орындау үшін Брюссельден София Толстой есімді супер менеджерді шақыртады. Жаңа басқарушы келген беттен өз ережелерін енгізеді. Содан бастап «Элеонның» ғана емес, бүкіл кейіпкерлердің бұрынғы тып-тыныш қалыпты өмірі көзден бұлбұлдай ұшып, жоспарлары күл талқан болып, түбегейлі өзгеріске ұшырайды.
«Заманауи туынды, динамикалық сюжет! Сценарийі тамаша, актерлері шебер, бәрі нанымды, үйлесімді. Бұл хикаядан ғажап ләззат алдым, шегім түйілгенше күлдім. Саундтректерін айтсаңызшы!», - деп, әнші Юлия Началова телехикая жайында өз пікірін білдірді.
«Біріншіден, маған суреті ұнады: түстері қанық, бейнелі, стильді, бір сөзбен, керемет. Ірі пландағы бейнелерге, кадрларға көз алмай қарай бергің келеді! Кастинг талғаммен өткен: әдемі актерлер, жаңа бейнелер, сонымен бірге танымал комедиялық артистер. Бәрінен бұрын, сюжеті қандай тамаша! Күлкіге қарық қылады. Күйеуіміз екеуміз ішегіміз түйілгенше күлдік, комедия үшін ең бастысы, осы емес пе?», - деп әнші Аврора Ресейдегі тұсаукесерден кейін өз ойын айтты.
«Мен алғаш рет біздің отельді көрген кезде, аузымды ашып тұрып қалдым, - дейді «Отель Элеон» телехикаясының актрисасы Ольга Кузьмина. – Әрине, кең ауқымды дүние көремін деп үміттенгенмін, бірақ мұншалықты ғаламат болады деп ойламадым. Мені оның зәулімдігі таңғалдырды: бәрі қымбат көрінеді, жарқ-жұрқ еткен бұйымдар, кәдімгі шын отельден айнымайды. Өзімді бір таңғажайып елге саяхатқа келгендей сезіндім».
«Жаңа хикая бұрынғыдан да күлкілі болып шығыпты, сценарийді оқыған сайын есінен ауысқан адамдай шиқылдап күле бердім», - дейді телехикая актрисасы Диана Пожарская (Даша).
Түсірілім қарсаңында отельдің бұрынғы декорациялары қайта қалпына келтіріліп, жаңа телехикаяға икемделген. Асхананың көлемі кішірейіп, оның орнына спа-салон, бассейн, президенттік «люкс» және кір жуатын бөлме қосылған. Шабыт шақыру үшін фильм жасаушылар кәдімгі қонақүйлерді зерттеп, отель бөлмелері қалай жасалатынын біліп қайтқан. Айтпақшы, «Элеон» отелінің ең басты қызығы – қызметші әйелдер. Олардың арасында шынымен қонақ үйде қызметші болып жұмыс істейтін нәзік жандылар бар. Негізінде, қызметші әйелдер «Кухняның» кезінде де болған, бірақ жаңа жоба үшін олардың жұмыс формаларына өзгеріс еніп, көз тартар декольте мен қынама бел көйлектер пайда болған. Шындығында, «Отель Элеон» – қызықты образдарға бай туынды. Кейіпкерлер бір уақ Венециан карнавалына арналған костюмдер киіп көрсе, енді бірде «Тақтар ойыны» телехикаясындағы образдарға енеді.
Жұлдызды кейіпкерлер, кір жуатын бөлмедегі ынтықтық және Венециан карнавалы – «Отель Элеон» атты жаңа комедиялық телехикаяда!
14 желтоқсаннан бастап 21.00-де 31 арнада!