28 қараша, Атыраудағы 2 сотта сот процестері аяқталған Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа сот үкімі оқылды. Судья Гүлнәр Дәулешова оларды «заңсыз митингтер ұйымдастырды», «жалған ақпараттар таратты», «ұлтараздық тудырды» деп айыптап, 5 жылға соттады.
2 желтоқсанда бас прокуратура «Бейбіт жиындар мен митинг ұйымдастырғаны, ұлтаралық араздықты қоздырғаны және жалған лаңкестік үшін сотталғандар рақымшылыққа ілікпейді» деп мәлімдеме жасап, жұрт рақымшылыққа ілінеді деп күткен Талғат Аян мен Макс Бақаевқа рақымшылықтың жоқ екенін айтып азаматтық қоғамның үмітін кесті.
Бүгін, Трибуна газетінің бас редакторы Жанболат Мамай бас болып, қазақ жері үшін күрескен Талғат Аян мен Макс Боқаевқа ««Халық батыры» қоғамдық сыйлығы берілді. Оны табыстауға халық Жазушысы Қабдеш Жұмәділов пен құқық қорғаушы Евгений Жовтис қатысты.
«Талғат пен Макстан асқан батыр жоқ. Меніңше олар халық батыры атағына лайықты. Әбден лайықты» деп бастады Жанболат Мамай отырысты. Отырысқа Атыраудан арнайы ұшып келген, Талғат Аянның анасы Ұлдай Айназарова, құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева, сондай-ақ Макс Боқаевтің қарындасы Жанаргүл Боқаева қатысты.
Жиында сөз алған Қабдеш Жұмәділов: «Батыр туа батыр болмайды. Уақыттың өзі сені батыр қылады. Кім батыр болам деп ойлады дейсің, қазіргі қоғам бізді батыр болуға шақырып жүр. Қазақты жойып жіберу үшін төбесінен бомба тастаудың керегі жоқ. Төрт бес жіпке тиіссе боллғаны. Ол қазақтың жері, тілі, діні сияқтылар. Оларды қиып жіберсең болғаны. Батыр жігіттер Макс пен талғат жайдан жай күреске шықпады. Олар осыған қарсы шықты. Жайдан жай халықтың арасына шығып ұран көтермеді. Атадан қалған қасиетті жер, содан айырылсақ біткеніміз. Ойлағанына, соны іске асырғанына разымын. Батыр деген осындай-ақ болады. Керек кезінде шыққан азаматтарды біз батыр деп тануымыз керек», - дей келе Макс Боқаетвң қарындасына Боқаевқа берілген халық батыры сыйлығын табыстады. Сондай-ақ, «Макс Боқаев пен Талғат Аянда түрмеде оқиды ғой» деп «Қылкөпір» кітабын сыйлады. «Бізге батырлар керек. Қорқақтар онсыз да жетеді. Өз елін қорғайтын Батырлар көбейе ерсін!» деп сөзін аяқтады.
Сондай-ақ, Боқаевтің анасы телефонмен ризашылығын білдірді. «Бұл атақ баға жетпес сыйлық деп есептеймін. Жалғыз жүріп жол тапқанша көппен бірге жол тап деген. Шырылдап бір бірімізге қолдау көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін» деді телефонда.
Ал, Құқық қорғаушы Евгений Жовтис тиесілі «Халық батыры» сыйлығын Талғат Аянның анасына табыстады.
Жиында сөз алған анасы «Балам түрмеде жатса да қиналып жүрген кезімізде қолтығымыздан демегендеріңіз үшін рақмет айтамын! Қабдеш Жұмаділов пен Евгенмй Жовтиске алғыс білдіремін!» дей келе, Жоғары билікке қарата былай деді:
«Соттың басынан аяғына дейін қатыстым. Әрине заңгер емеспін. Қарапайым мұғалімімін. Соттың да түр-nүрі болады. Сотқа таңғалдым. Сот болған кезде адамның тағдыры шешіліп жатыр-ау, ақталып шығар деген үмітпен жүрдім. Бірақ, алдымызға Төлешовті алып келмеді. Куәларды - тепсе темір үзетін жігіттерді неге алып келмеді? «Мен ақша алмағанымды дәлелдеп шығамын» деп еді Талғатым. Қибраевті неге Атырауға алып келмеді. Өкпем қара қазандай. Жасы алпысқа келген мен де самолетпен ұшып келіп тұрмын ғой. Түрмеде отырғандардың қандай келісімге келіп жатқанын біз қайдан білеміз. Төлешов өзі сотталса да баласы босап шықты. Бас прокуратурада отырған Асан жолдас, тыңдаңызшы, сіздің прокуратураның алдына келіп аналар неге өзін-өзін өртейді? неге аналарды тыңдамайсыз, мен де барып өзімді өртейін бе? Неге халықтың тағдыры мен адамның тағдырымен ойнайсыз. Әділ адам деп естиміз. Әділ болсаңыз, айтыңызшы. 240 куә бар сіздің балаңызға қарсы дауыс берген деп еді. Солардың 10-ы сотқа келіп сегізі мойындамады. Ал, қалған куә қайда? Олар тергеушінің өздеріне инструкция бергенін айтты» деп таусылды Талғаттың анасы Ұлдай Айназрова.
Макс Боқаев пен Талғат Аянды марапаттау рәсімі 17 желтоқсанда өтуі керек еді. Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай мен Инга Иманбай 5 желтоқсанда "Facebook" әлеуметтік желісінде марапаттау рәсімі Алматы қаласындағы "Астана" қонақ үйінде, сағат 14.00-де өтетіндігін хабарлаған. Алайда, желтоқсанның 7-де "Астана" қонақ үйінің уәкілі келісім-шартты бұзып, ақшаны қайтарып алуды сұраған. Шараны ұйымдастырушылар Алматы қаласының көптеген жерлеріне хабарласқанын айтады. Алайда, бірде-біреуі келіспеген. "Заңсыз митингі ұйымдастырды" деп айыпталып 5 жылға сотталған Макс Боқаев пен Талғат Аянға "Халық батыры" атағын беруді мақсат тұтқан белсенділер, марапаттау рәсімін "Адам құқықтары жөніндегі бюроның" ғимаратында өткізді.
Жанболат Маймай, бүгінгі марапаттау рәсімімен бір уақытта өтіп жатқан Жазушылар Одағында желтоқсаншылардың кітабының тұсаукерінің ұйымдастырылуын әдейі жасалған әрекетке балап отыр.
Бүгінгі жиынға 50 шақты адам келді. Оның ішінде қоғам белсенділері, құқыққорғаушылар мен қарапайым азаматтар қатысты.