Тәжікстанда Эмомали Рахмонның суреті бейнеленген банкнот шығады

/uploads/thumbnail/20170709185532831_small.jpg

Тәжікстандағы ұлттық банкінің басшылығы 1000 сомониді президенті Эмомали Рахмонның суретімен басып шығарайық деген Исфара қаласындағы тұрғындардың өтінішін қабыл алғандығы жайлы ozodi.org хабарлайды, мақаланың қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.

Банк директоры Джамшед Нурмухаммадзода бұл ойдың авторы №15 орта мектептің оқытушысы Хасанбой Асадовқа жолдаған хатында: «Бұл мәселені қазір мамандар қарап жатыр», - деп мәлімдеді.

Хасанбай Асадов 14 желтоқсан күні Озоди радиосына берген сұхбатында бір жыл бұрын банкнотаның үлгісін жасап, ұлттық банк әкімшілігіне хат жолдағандығы жайлы айтқан болатын. Ол үлгі бойынша, жаңа ақшаның бір бетінде Эмомали Рахмонның суреті, ал екінші жағында Тәжікстанның  Жоғарғы Үкіметінің 16-шы «тарихи» сессиясы өткен Арбоб сарайының суреті болуы тиіс.  Дәл осы сессияда Эмомали Рахмон парламент басшысы болып тағайындалған болатын.

Сомони – Тәжік елінің ұлттық валютасы, 2000 жылдың 30 қазанынан бастап айналымға енген, әр банкнотада тәжіктердің белгілі ақын-жазушылары, ғалымдарының муреттері бейнеленген.  1 сомонида ақын әрі саясаткер Мирзо Турсун-Заде; 3 сомонида мемлекет қайраткері Шириншо Шотемур; 5 сомонида тәжік әдебиетінің негізін салушы Садриддин Айни; 10 сомонида философ, ақын Мир Саид әл-Хамадони; 20 сомонида ұлы дәрігер Әбу Әли ибн-Сина; 50 сомонида шығыстанушы және Тәжікстанның байырға президенті Бободжон Гафуров сынды адамдардың суреттері бейнеленген. Ал, 100, 200 және 500 сомониларСаман мемлекетінің әргесін қалаған Исмоил Сомони, Тжәкстанның батыры Нусратулло Махсум, тәжік классикалық әдебиетінің көрнекті өкілі Абу Абдуллох Рудаки портреттерімен шығарылған.

Кейбір мамандардың ойынша, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтің суреті бейнеленген 10000 теңгелік банкнотаны шығарғаннан кейін Тәжікстан да мұндай ақша шығару жайлы шешімге  келген. 

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар