Time жұрналы диктаторлар басқарып ұлттардың тізімін жасады. Қазақстан сол тізімде 3 орында тұр. kazday.kz порталында жарияланған бұл мәліметтің қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырман назарына ұсынады.
Мақала авторы Нұрсұлтан Назарбаев билікте 1991 жылдан бері отыр дейді. 2011 жыл болған сайлауды ол 95,5% жеңіске жеткен еді, ал 2015 дылғы сайлауды бұл көрсеткіштен асып түсіп 98% дауыс жинап, таққа қайтадан өзі отырған.
Қазақстанда табиғи қазба байлықтар өте көп, дәл қазіргі таңда экономиканың 21%-ын мұнай құрап отыр.
Бұл көрсеткіш Қазақ елін Орталық Азиядағы экономикасы жағынан көсбасшы елдердің қатарына шығарды және де саяси-инвестициялық орталыққа айналдырды.
Экономиканың негізгі секторлары мемлекеттің тікелей қарамағында.
Сонымен қатар, күндердің бір күнінде елбасылардың қара алтынға мұқтаж болмас үшін күресулеріне тура келеді.
Time жұрналының айтуынша, Қазақстанның тағына басты үміткрелер – Дариға Назарбаева немесе оның ұлы Нұрәли Әлиев.
Бұл тізімді жасауға себеп болған негізгі мәселе – жарты ғасыр бойы Кубаны билеген Фидель Кастроның қайтыс болуы.
Аударған: Назерке Лабихан