Қытай әскерлері не себепті Түріктерден қорыққан?
Ғұндар ат үстінде жүріп садақ ата алған, ал қытай әскерлерінің қолынан мұндай нәрсе келмеген. Сонымен қатар қытайлықтарға қарағанда, ғұндар қар, жаңбыр мен желден қорықпаған.
Ву-Линг императордың кезінде Қытай қолбасшысы Ли Му өз әскерлеріне ғұндардан көрген жағаша әдіс-тәсілдерін үйреткен. Реформа Қытай империясында Мунг Ц қолбасшының кезінде де жалғасқан (б.з.б. 247-210 дейін). Кейіннен Қытай империясының уәзірі Чао-Цо өз әскерлеріміне реформа енгізу үшінҒұндардан үлгі алу керек деген ұсыныспен императорға хат жолдаған.
«Қытайлықтар өзге ұлттармен соғыса білуі керек. Ғұндардың жері де, әскери тәртіптері де біздікінен мүлдем өзгеше. Олардың жерлерінде жүріп өтуге қиындық туғызатын биік таулар, соқпағы тар шатқалдар бар. Қытайдың әскері бұл жерлерден өте алмайды.
Ғұндардың әскері ат үстінде жүріп садақ тарта алады, ал қытайлық әскерлер мұны жасай алмайды. Ғұндар қытайлықтарға қарағанда суықтан, қардан, жаңбырдан, желден, аштықтан және аптаған ыстықтан қорықпайды.
Мұндай салтты олар ежелден ұстанады. Ал біздің негізгі күшіміз соқтықпалы жерлермен жүре алмайтын арбаларға таңылған жүйріктерде. Қытай әскерінің садақшылары оқты ұзаққа ата алады. Алайда, мұндай әдіс өте қиын. Ғұндардың қолынан бұлай ұзақ қашықтыққа оқ ату келмейді. Біздің атқыштар қарумен нысанаға дәлдей алады, ғұндар болса бұлай жасай алмайды, оларда тіпті қару қоолданатын атқыштар жоқ. Қытайларда бұл әдіс ежелден бері дамыған. Қытай әскері ғұндарды жақын жердегі қашықтықта жаулай алмайды. Сол себептен де, қытайлықтар ғұндармен бетпе-бет кезігіп қалудан сақтануы керек.»
Авторы: Рашад Сахиль
Аударған: Назерке Лабихан