Биыл Тәулесіздігіміздің ширек ғасыры. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайреткерлері, өнер адамдары мен түрлі салада жақсы нәтиже көрсеткен азаматтарға арнайы мерекелік медальдар берілді. Марапатталған тұлғалардың қатарында елордалық бірқатар дін қайраткерлері де бар деп хабарлайды sunna.kz
Президентіміздің 29 қарашадағы Жарлығы бойынша, ҚМДБ-ның найб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Өтпенов Наурызбай Тағанұлы "Құрмет" орденінімен, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерекелік медальімен марапатталса, ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Мәжиев Ғылымбек Жәдігерұлына "Ерен еңбегі үшін" арнаулы алғыс хат тапсырылды. Ал, ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің басшысы Оңғаров Ершат Ағыбайұлы "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерекелік медальімен марапатталды.
Сонымен бірге, Астана қаласындағы "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы Садырханов Жұманазар Өсерханұлына, "Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің найб имамдары Мамлюк Мусаев пен ӘділАгитаевқа Президент Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" мерекелік медальі табысталды. "Нұр Астана" орталық мешітінің найб имамы Марат Бектазинов, "Әс-Сәләм" мешітінің бас имамы Асхат Сәлимовке, "Әлжан Ана" мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбитке де аталмыш мерекелік медаль табысталды.