«ҚАМШЫ» ПОРТАЛЫ МЕН «ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕАРНАСЫ БІРЛЕСІП ӨТКІЗГЕН «КӨШ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ БҮГІН ҰЛТТЫҚ АРНАДА КӨРСЕТІЛЕДІ

/uploads/thumbnail/20170709185717037_small.jpg

 

ҚР Тәуелсіздігі мен  «Қазақ көшінің» 25 жыл толуына орай «Қамшы» ақпараттық порталы мен  "Қазақстан" телеарнасы бірлесіп өткізген «Көш және Көшбасшы» мерекелік концертін сағат 18.05 Ұлттық арнада көре аласыздар.

Концерт 18 қарашада Студенттер сарайында өтті. Оған Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев  арнайы қонақ ретінде қатысып, сөз сөйледі.  Майра Мұхамедқызы, Рамазан Стамғазиев сынды қазақтың күміс көмей әншілері өнер көрсетіп, көрерменді тәнті еткен болатын.

«Көш және Көшбасшы» мерекелік концертін көгілдір жәшіктен көре алмаған ағайын жақын уақытта «Қамшы» порталынан тамашалай алады.

«Қамшы» сүйікті оқырмандарын тұғырлы тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілейді.

 

 

Қатысты Мақалалар