Бұл АҚШ-тағы сайлауға бір апта қалғанға дейін болды.
Барак Обама «қызыл телефон» аталатын Мәскеу мен Вашингтонды байланыстыратын жедел желіні АҚШ-тағы президенттік сайлауға бір апта қалғанда бірінші рет пайдаланды. NBC арнасының мәлімдемесі бойынша, бұл Ресейдің АҚШ-тағы сайлау үрдісіне кедергі жасамауы үшін алдын-ала қамдану мақсатында жасалған екен. Телеарна өзінің мәлімдемесінде жоғары қызметтегі дереккөздерге сүйеніп хабарлап отыр.
Ақ үйдің өкілдері де бұл ақпаратты растап отыр. 31 қазан күні жіберілген жолдау нәтижесіз қалмаған, өйткені 8 қараша, сайлау күні «ештеңе болған жоқ».
Кей мәліметтерге сүйенсек, Кремльмен мұндай жолмен байланысуға үлкен кеңесшілерінің бірі Обамаға кеңес берген.
«Халықаралық құқық, оның ішінде, қарулы қақтығыстарға да қатысы бар заңдар киберкеңістіктегі әрекеттерге де таралады. АҚШ Ресейдің әрекетін берілген стандарттан тыс бағалайтын болады, деп айтылған Обаманың жазбасында.
«Қызыл телефон» саяси дағдарыс кезінде шұғыл түрде байланыстыратын жүйе. Негізі бұл әдеттегі түсініктегі телефон емес, электронды хаттарды жіберетін жүйе.
NBC Обаманың әкімшілігі бұл каналды бұрын-соңды колданбағанын айтады.