Сирияда өлімге бас тіккен қыздарымен ата-аналары қоштасып жатыр (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709190832039_small.jpg

Әлеуметтік желілерде өзінің екі қызын жарылыс жасауға дайындап, олармен қоштасып жатқан ата-аналардың видеосы жария болды.

Өздерін джихад тұқымдары санайтын отбасы мұндай әрекетке амалсыздан барғандай. Қыздарының біреуінің жасы 7-де болса, екіншісі 9 жаста. "Әл-Каида" ұйымымен байланысы бар "Жебхат ән-Нусра" тобының сарбазы қыздарын жарылыс жасауға дайындап, оларға нұсқау көрсетіп жатыр. 

12 желтоқсанда Нигерияда қатарынан болған екі жарылыстың біреуін 7-8 жастағы бүлдіршіндер жасағаны жайлы Қамшы порталы жариялағанын естеріңізге сала кетейік. Соның айғағы, міне, мына видеолардан айқын көрініп тұр. Кішкентай бүлдіршіндердің санасын улап, ендігі кезекте оларды өлімге жіберуге көшті.

 

Қатысты Мақалалар