Кавказда өлгісі келетін қыз үйіне кеш келеді

/uploads/thumbnail/20170709193002161_small.jpg

«Оларды өз-өзін өлтергендер сияқты бөлек жерлейді»

Кавказда намыс үшін өлтіру неге тоқтамай тұр?

23 наурыз күні Дағыстанда қыздарын азғындық мінез-құлық көрсетті деп күдіктенген әкесі екі қызын өлтіргенін мойындады. Ол желтоқсан айында қыздарын бауыздап, одан кейін денелерін  ауылдың шет жағына апарып, тауға көміп тастаған. Кішісі 16 жаста. Тергеу барысында дағыстандық мұндай қатігез әрекетке баруын қыздарының үйге кеш келуімен түсіндірді. Оның ойынша, «тау қыздары мұндай әрекетке бармау керек». «Намыс үшін өлтіру» Солтүстік Кавказда үнемі болып тұрады, бірақ бірқатар себептерге байланысты ол жайында сөз қозғауға болмайды.  Қандай әрекеттер әдепсіз мінез-құлықтарға жатады? Неге ұятсыздықты қанмен жою керек? Мұндай жабайы салт-дәстүрді жоюдың мүмкіндігі бар ма? Неге қоғам өлтірген адамның жағында болады? Осы және басқа да сұрақтар бойынша Лента.ру сайты жауап іздеп көріпті. Солтүстік Кавказдың ислам зерттеулері орталығының сарапшысы, Дағыстан республикасының жастар мониторинг тобының жетекшісі Руслан Гереев сұхбат берген болатын.

«Лента.ру»: Атап айтқанда, намыс үшін өлтіру – Солтүстік Кавказ бен Дағыстанда көп таралған ба?

Руслан Гереев: Шынында да, кісі өлтіру болып тұрады, бірақ мұндай қылмыстардың жүйесін айтып жату дұрыс емес. Ондай мүлде жоқ. Намыс үшін өлтіру – бізге адат бойынша қалыптасқан ескі жол, ежелгі салт. Адам тығырыққа тіреліп, туысына тәрбие бере алмаса, не сөзін өткізе алмаса, ол өкінінке қарай, осындай қайғылы жағдайға апаратын әрекеттерге барады. Дағыстанда болып тұрады, бірақ кеңінен таралмаған. Және қоғамдық ұйымдар мен діни құрылымдар мұны айыптайды. Мұндай қылмыс түрлері адат институты берік қалыптасқан, әлі де сақталған шалғай аудандарда, таулы аймақтарда, ауылды жерлерде болып тұрады.

Басқа біреу жаман ойлап қалмау үшін, өз балаларын өлтіруге дайын болуы бұл ережелердің соншалықты маңызды болғаны ма?

Солтүстік Кавказдың қоғамдық өміріндегі механизм мен ішкі тәртіп көбіне дәстүрлі кодекстармен айқындалады. Бұл ата-аналар мен балаларға, ерлер мен әйелдерге де қатысты. Кодекс ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатыр. Тіпті, 1990-шы революциялық жылдардағы кезеңде аз өзгеріске ұшырады. Керісінше, діни ұстанымдар, адаттардың ықпалы сияқты күннен күнге күшейіп келеді.

Бір жаманы үкімет бұл бағытқа жеткілікті назар аудармайды – насихаттау жұмыстарын жүргізетін қоғамдық құрылым жоқ. Қалай жасау керек, не жасау керек, кім айналысу керек: жұмыстың нақты концептісі жоқ. Адам мәселемен бетпе-бет кездескенде, ашудың салдырынан өздігінше әрекет жасап қояды. Мұның арты қайғылы жағдайларға ұласып жатады.

Сонда қалай? Ұятты қызының қанымен жуып-шайып, құрметке ие болады ма?

Өкінішке қарай, бұл жазылмаған заң әлі де бар: істі сол күйінде қалдырғаннан адам кек қайтарған адамнан көбірек айыпталады. Әрине, бұл іс-әрекетімен құрметке бөленбейді. Бірақ, кем дегенде, абыройсыздықтан арылады. Алайда, діни тұрғыдан қарағанда, қылмыстың аты қылмыс, оны барлық діндер айыптайды.

Дәстүрлі Ислам да сол діндерге жатады ма?

Мүлдем қабылдамайды. Өйткені, діннің негізгі принциптерінің бірі – «Адам өлтірмеу». Бұл адат дәстүрі мен шариғаттың қайшы келетін тұстары. Мәселе мынада, адат ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатыр, ал аят – ұстаным. Қисынға салып қарасақ, адат аяттан кем түспейді, өйткені бұл тарихи нормалардан құрылған. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда ол қоғамға пайдалы болып, діни сенімдерге сәйкес келіп жатады. Ауыл ақсақалдары шақырылады, олар ешқандай қылмыстың орын алмауына тырысады. Атап айтқанда, әкесі екі қызын бауыздап тастағанда, үлкен резонанс туғызды, қоғам мұны айыптайды. Бірақ, балаларды енді қайтара алмайсың.

Әдепсіз мінез-құлық танытудың шекарасы қандай?

Күйеуге шықпаған қыздарға, әйелдерге қатысты айтатын болсақ: жақындық, жыныстық қарым-қатынас тұрғысында. Көбіне басты назар осыған қойылады. Алайда кейбір жеңіл-желпі хабар алмасу мен үйге кеш келу күдікке себеп туғызуы мүмкін. Бес-алты жыл бұрын Дағыстанның муфтияты адамды негізсіз айыптау жауапкершілік тарту дәрежесіндегі қылмыс деп шешім шығарған болатын. Сондықтан, бұл мәселенің аздап шешімін таптық.

Бұл практика ерлерге де қолданылады ма, әлде руды  әйелдер ғана масқаралай алады ма?

Ондай жағдайда ерлерді қалай жазалайды?

Кез келген әдепсіз қылық жынысқа бөлінбейді. Бұл әйелдерге де, ер кісілерге де қатысты. Адат бәріне ортақ жүреді. Тек ер адамның артықшылығы көбірек, оның мәртебесі бөлек және жауапкершілігі басқа критерийлер бойынша анықталады. Ер адамға істеуге болатын нәрсені әйелдерге тыйым салады. Ер адам некесіз қарым-қатынастан кейін некелерін заңдастыруға құқысы бар. Ол оған үйленіп, мәселені шеше алады. Әйелдің ондай құқығы жоқ – соңғы сөзді ер адам айтады. Сондықтан оның болашағы әу бастан тәртібі мен мінез-құлқына байланысты. Оның беделіне нұқсан келтіретін кез келген нәрсе ол үшін өлім жазасына айналуы мүмкін.

Мұндай жазадан кейін, тіпті, моласын табу қиын дейді. Ол рас па?

Олай емес. Өз-өзін өлтіргендерді жерлеген сияқты оларды да бөлек жерлейді. Бірақ жасырын емес. Бұлай тек террористерді жерлейді.

Мәдениеті мен діні бөлек жаққа көшіп кетсе, өздерімен бірге  адаттың норма жүйесін алып жүреді ме? Ол жақта да сақталады ма?

Әрине. Мысалы, солтүстік өңірлерді алсақ – Сургут, Ханты-Мансийск, Нефтеганск. Ол жақта муниципальды біліммен мыңдаған адамдар тұрып жатыр. Және олар өз заңдарымен тұрады. Солтүстік Кавказдың адамдары қайда жүрсе де, тәртіп жүйесі бірдей.

Қатысты Мақалалар