Алматылықтар қырғыз ағайынға киім мен азық-түлік жинайды

/uploads/thumbnail/20170709194951290_small.jpg

Алматылықтар Бішкекте  Boeing 747 ұшағының құлауына байланысты зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін гуманитарлық көмек жинайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Іс-шараның бастамашысы «Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігі. Атап айтқанда, оның басшысы Константин Авершин. «23 үй қиратылды, адамдар мен балалар зардап шекті. Біз зардап шеккен ағайындарға көмек қолын созайық деп шештік. Жылы киімдер, консервілер, жармалар, макарон өнімдері, памперстер, жеке гигиена заттары, көрпелер керек», – деп жазды Instagram парақшасында.  
Әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысында орналасқан «Ритц Палас» ойын-сауық орталығында заттарды қабылдаймыз. Жинау 16 қаңтардың 15.00 ден 19.00-ге дейін, 17 қаңтар күні таңертеңнен 19.00-ге дейін қабылданады. Сондай-ақ, «Ритц Паластың» қауіпсіздік инспекторының: +77713003442 (Болат) және «Мен алматылықпын» бірлестігіне жауапты +77016112868 (Арман) байланысу нөмірлері берілген.

«Біз Бішкекке хабарластық. Ол жақта ең алдымен жылы киімдер мен консервіленген өнімдер керек екенін айтты. Киімдер жаңа немесе жақсы жағдайда болса екен деген үлкен өтініш айтамын. Өйткені біз Қарағанды облысына киім жинағанымызда, көбісі ескі болып шықты. Біз көрші елге көмек берейін деп жатырмыз, сондықтан жаңа киімдерді алып келгендеріңіз абзал болатын еді, – деді Авершин Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлесу барысында. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар