Әлеуметтанушылар ҚР статистика агенттігінің мәліметіне сүйене отырып, соңғы жылдары қазақстандықтардың шетелге көптеп көшіп жатқанын айтады. Өткен жылы елден 32930 адам көшіп кеткен деп жазады camonitor.kz. Көбісі саяси немесе экономикалық мәселелерге байланысты Қазақстаннан көшпейді екен. Онда отандастарымыз қандай себеппен өзге елдерге кетіп жатыр?
Кредитке зираттан жер алу...
Алматылық журналист Гүлнәр Нұрпеисова 10 жыл бұрын Канадаға көшіп кетті. Өткен жазда ол елден кеткелі алғаш рет Қазақстанға келді.
«Жұбайым екеуіміз дүние танымымызды кеңейту үшін көп саяхаттадық. 2007 жылы Канадаға көшкенде Қазақстанның экономикасы тұрақты еді. Ол уақытта сүйікті жұмысымыз, өз үйіміз, банкте шотымыз болды. Алайда есейгендіктен болар көптеген бағдарламалар мен уәделерге сенбедім. Өзімді алдау нысаны секілді сезіндім. Канадаға көшіп барғанда материалдық қиындықтар көрдік. Қазір қалай екендігін білмеймін, 10-15 жыл бұрын Қазақстанда коммуналды қызмет ақысы төмен болды. Ал Канадада салық – басты шығын. Десек те, оның қайтарымы ретінде таза су мен таза ауа, экологиялық таза азық-түлік және дәрі аласыз. Қазақстанда тек жағымсыз эмоциямен ғана өмір сүрдім деп айта алмаймын. Менің қазіргі өмірімде стресс көп. Жұмысым ұнамайды. Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Ал күйеуім Олег инженер-механик. Бұл Канада да сыйлы мамандықтардың бірі болғанымен, физикалық тұрғыда өте қиын. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрғанда өзімнің жерлеу рәсімім туралы қамдану қажеттігі ойыма кіріп шықпайтын. Оның ішінде жерлейтін орыннан бастап, көңіл айтып келгендерге берілетін асқа дейін ақша жинау керек. Балаларымның мойнына ата-анасының жерлеу рәсімі секілді ауырлықты салмауы үшін зираттан кередитке өзіме және Олегке екі орын алып қойдым. Енді менің жалақымнан ай сайын 105 долларды алып тұрады. Сатып алынған жер менің меншігім. Анама бұл туралы айтқанда ол өз ренішін жасырмады. Бұл қазақтыққа да, орыстарға да жат екенін айтты. Бізде қалай, адам қайтыс болғанда туысқандар келіп, көрші-қолаң жиналып қолдарынан келгенше көмектеседі. Бірі ақша береді, енді бірі дастархан жасайды. Бірі сөзбен демеу болады» дейді Гүлнәр.
«Сіз еден жуатын әйелсіз бе?»
«Постсоветтік кездегі адамдардың жүзі жылырақ, адамгершілігі де молырақ көрінеді. Дегенмен адамдар бір-бірін сыйламайды. Дәл осы фактор көп адамдардың елден кетуіне түрткі болады. Мен Германия елшілігіне виза жасату үшін барғанда менің құжаттарымды көріп, жас сүйкімді қазақ қызы «Сіз пол жуасыз ба? Сондықтан Германияға кетіп барасыз ба?!» деп сұрақ қойды. Мұндай сөздерді естігенде өзімді қорланғандай сезіндім. Менің журналист ретінде газетте жұмыс істейтінімді көрген қыз бірден өзгеріп шыға келді.
Менің үлкен қызым шетелдікке тұрмысқа шыққанда да бюрократиялық жолдардан өтуіне тура келді. Ол уақытта елде жемқорлыққа қарсы күрес жүріп жатқан. Анау жемқорды ұстады, парамен мынау шенеунікті ұстапты деген ақапаратты күнде еститін болдық. Алайда одан ештеңе де өзгермеді. Біз 500 доллар беріп едік, барлығы оп-оңай шешіле кетті. Таныстарымыз осы оқиғаны естігенде осы үшін елден кетіп қалдыңдар ма деп күледі. Иә, оның ішінде Қазақстандағы жемқорлық мәселесі де бар.
Шетелге көшудің қиындықтары...
Канада немесе АҚШ-қа көшкісі келетіндер көп қиындықтармен бетпе-бет келетінін ескертеді.
«Біз тәуелсіз эммигранттар секілді көшіп бардық. Дүниежүзі бойынша жұмыс істейтін «Джефферсон» заңгерлік компаниясы құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Қалғанының барлығын өзіміз жасадық. Ал арнайы бағдарлама бойынша баратындар көбіне алданып қалады. Мәселен, менің құрбым Женя дәрігер ретінде Канадаға барды. Алайда Канадада дәрігер ретінде өзіңді дәлелдеу үшін темірдей мінез керек. Ең басты мәселе – канадалық білімнің жоқтығы және онда жұмыс тәжірбиенің болмауы. Торонтаға дәрігерлік бағдарлама бойынша келген Женя қарапайым участкелік дәрігер ретінде жұмыс істеуге дайын еді. Алайда тәжірибесі зор, профессор, операция жасай алатын хирург-ортопедке, Стэнфорд университетінде ғылыми жұмысымен айналысып жүрген дәрігерге тек мейірбике ретінде ғана жұмыс істей алатынын айтты. Мұның өзін сәттілікке балауға болады. Маған оңайырақ болды. Орыс тілді журналистке мұнда жұмыс табу қиын екенін түсінетінмін. Олегтің жалақысы жақсы болды. Сондықтан біз Канадада тұрақтай алдық. Алайда ол үшін күйеуім кешкі мезгілде оқытатын университетте дәріс алуына тура келді. Көптеген эмигранттар орташа жалақы алу үшін жылдап оқиды. Ал жасың 40-тан асқанда бұл өте қиынға соғады. Мен Эдионтандағы отбасылық жұпты білемін. Капландар отбасы Украинадан келген. Жас кезінде келген олар өз зергерлік дүкендерін ашып, істері алға басты».
Мұңлы өмір...
Гүлнәр отбасымен бірге Қазақстанға қайтып келуді жоспарлайды ма?
Мен де ешқашан ондай ой болған емес. Әрине қатты қиналған кезімде туған жерді сағынып жылаған кездерім болды. Бірақ анамның «Сен үшін қызарып жүрмейік» деген сөзі мәңгі жадымда сақталды. Қазір қалай екенін білмеймін, бірақ ол кезде шетелде өмір сүру керемет деп есептелетін. Егер біреу қайтып оралса оны заң бұғаны үшін қайтарып жіберді деген түсінік қалыптасқан. 1990 жылдары «Естідің бе Шнайдерлер отбасы Германиядан қайтып келіпті. Ұнамады дейді. Қайдағы, онда барлығы бар. Бірдеңені ұрлап алған шығар. Сол үшін елден қуып жіберген болар» деген әңгімелерді еститінмін.
Шынымды айтайын, Қазақстан сөзі мен үшін тек бос сөз ғана емес. Мен туысқандарымды сағынамын. Канаданы да осы 10 жыл ішінде ұнатып үлгердім. Қазақстан, Ресей қандай да бір бұрынғы кеңес үкіметінің құрамында болған елді алып қарасаңда, барлығында бір-біріне мықтылығын дәлелдеп жатқан адамдар. Мен үшін ең бастысы өмірден ләззат алудан гөрі, ыңғайлылық пен қуаныш маңыздырақ. Атап өткендердің барлығын Қазақстанда емес Канадада таптым. Бұл жұмыстың жоқтығына, материалдық қиындық көргеніме қарамастан туған елімде ала алмағанымды Канадада таптым. Мұнда менің жеке басыма ешкім тиіспейді. Бос дарақылық жоқ. Эдмонтан мұнай астанасы болып есептелсе де онда мен өзімді қауіпсіз аймақта жүргендей сезінемін. Жақында мәселен түнгі бірде үйден жалғыз шығып, әуежайға баратын автобус бекетіне жаяу бардым. Дәл осы жағдайды өзім тұрған Талғарда елестете алмаймын. Мен жұмыстан сағат кешкі онда шықсам бір, екі аялдама жүрсем де такси ұстайтынымын. Себебі мені тонап, ұрып, немесе зорлап кету қаупі жоғары болды. Тіпті күндіз сөмкемді жұлып әкетпек болған жағдайлар болған.
Аударған: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру