Сталиннің қабылдауында болған қазақ зиялылары

/uploads/thumbnail/20170710054958558_small.jpg

Кеңес үкіметін Сталин билеп тұрған тұста онымен кездеспек түгілі, атынан ат үркетін.Оның ысқырған үскірігі бойларында халқым деп  маздаған отты өшіре алмаған қазақтың ұлдары қаншама. Айтайын деп отырғанымыз біреулер үшін фашизмді құлатқан ұлы тұлға  болса, біз үшін сол тұстағы қазақтың жылт еткен үміт отын тасқын сумен шайған, демографиямыздың түбіне балта шапқан зұлмат диктатордың   қабылдауында болып, елінің үнін жеткізген ұлы тұлғалар жайында.

Сәкен Сейфуллин 1925 жылдың 25 мамырында Сталиннің қабылдауында болған.

1927 жылғы 11 мамырда Сталиннің алдында болған Әлихан Бөкейхан Центриздаттың ғылыми қызметкері ретінде тіркелген.

Сұлтанбек Қожанов Сталиннің қабылдауында жиі болғандардың бірі. Дәлірек айтсақ, Сталин оны 5 рет қабылдаған, ал Голощекинді бір-ақ рет, 1927 жылы ғана шақыртқан . Замандастарының айтуынша, жиын-топтарда Сталин Сұлтанбекке: «Ей, Шыңғысхан!» деп оның беттілігін, өткірлігін, алған бетінен қайта қоймайтын табандылығын есіне салып отырады екен... Сұлтанбекті 1927 жылы 23 ақпанда қабылдағанда: «Не мәселемен?» деген сұрақтың тұсында «Тов. Сталин знает» деген белгінің қойылуы жақын таныстығын, тіпті, сыйластық сенімін көрсетсе керек.

Смағұл Сәдуақасов 1928 жылғы 21 наурызда қабылдауға кірген

1926 жылғы 22 ақпанда Сталин Сейітқали Меңдешевті қабылдаған. 

Әліби Жангелдинді Сталин өз кабинетінде 1926 жылғы 15 ақпанда қа­былдап, әңгімелескен.

Сәбит Мұқановты  Иосиф Сталин Кремльдегі кабинетінде 1925 жылы 7 қаңтарда қабылдаған.

Тұрар Рысқұлов

Қызыл жебе романынан үзінді:

- Рұқсатпа? – деді Рысқұлов есік­тің көзінде тұ­рып. Зал толы ха­лықбастарын бұрып, көз тік­­ті. Сталин үнсіз қа­лып, есік жаққа көзін сы­ғырайта қарады да, қа­ра мұрты бүлк етіп:

-А, Түркістанның Шың­­­ғыс­­­ханы, төр­­лет, - деді.

- Төрге грузиннің кня­зі отырып қалған екен, ма­ған осы бір жер де же­тер, - деп Рысқұлов ал­ға озыңқырап, бір бос орынға барып жайғасты.

 Дайындаған: Арафат Дербесұлы

Қатысты Мақалалар