Түркияда оқыс оқиға болды. Түркия саябақтарының бірінде аттракцион құлап кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Абырой болғанда жарақаттанғандар жоқ. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында түсірілген видеодан лифт атауымен белгілі аттракционда адам толы болған. Ол қалыпты жұмыс істеп, төменге түскен кезде орындықтар салмақты көтере алмағандай төменге бірден құлап кетеді.
Дайындаған: Әсем ӘЛМҰХАНБЕТ