Астананың атаусыз көшелеріне шетелдік қайраткерлердің есімі берілді

/uploads/thumbnail/20170710072828264_small.jpg

Астанадағы көшелерге шетелдік қайраткерлердің есімін беру мемлекеттер арасындағы достық байланысты нығайтуға әсерін тигізеді, деп жазды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Астанадағы атаусыз екі көшеге танымал қайраткерлердің есімін қою ұсынылды. Бұл мәселе Мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.

Атаусыз көшелердің бірі болып саналған 7333 метрлік көше бүгінгі таңда №31 деген атаумен аталып келген. Ол көшеге Иордания королі Хусейн бен Талалдың есімін беру көзделіп отыр. Ол 1952 жылы 16 жасында таққа отырған король.

«Бұл ұсыныс 2016 жылдың күзінде өткен Астана ономастикалық комиссиясының отырысында қабылданып,  Республикалық ономастикалық комиссия мүшелері тарапынан мақұлданған», - деп мәлімдеді Тілдерді дамыту басқармасының төрағасы Тілеуғали Қышқашбаев.

№36 деген атаумен аталып келген енді бір көше мемелекеттік қайраткер, «Алаш» зиялысы Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталмақ.

«Бұл көше 4823 метрге дейін созылатын болады, бұған дейін 400 метр болған. Ш. Қалдаяқов көшесінен басталып, Керей, Жәнібек, Т. Рысқұлов, Ұлы Дала көшелерімен қиылысатын болады», - деді бөлім басшысы.   

Қатысты Мақалалар