16 жастағы қыз дүкеннен қылыш ұрлап онымен таксистті шауып өлтірген

/uploads/thumbnail/20170710094356486_small.png

16 жастағы Элиза Васни Чикагоның Линкольнвуд ауданының тұрғыны. Сауда дүкеніне барып онда «мачете» қылышын ұрлап алып такси шақыртқан. Такси жүргізушісі 34 жастағы Грант Нельсон қыздың құрбаны болған. Жеткіншек таксистке қылышпен шабуыл жасаған деп хабарлайды life.ru. Грант Нельсон қызды көлік ішінен шығарып жіберіп, адамдарды көмекке шақыруға қауқары жеткен. Алайда ауруханаға жеткізілген ол бірнеше сағаттардан соң ауыр жарақаттардан көз жұмды. Қылмыскер қыз оқиға орын алған аумақтан алыс емес жерден табылды. Оның қолында пышақ, мачете қылышы болған.

Қыздың мұндай әрекетке бару себебі белгісіз. Өзі ештеңе айтып мәлімдеме жасамаған.  Қылмыскер қыз жеткіншек ретінде емес ересек ретінде жауапқа тартылатын болады.

Қаза тапқан таксист туралы таныстары мен жақындары ешкімде жұмысы жоқ еңбекқор азамат ретінде білгендіктерін айтқан. Түнде даяршы, түнде таксист болып қызмет етіп жүрген екен. 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар