Бұл әйелге үй жануарларын асырауға тыйым салынған болатын. Алайда соңғы тексеріс кезінде оның үйінен бірнеше мысық пен оның марғаулары табылған деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
61 жастағы Элизабет Блор және оның інісі Крис екеуін пәтерден көршілерінен түскен шағымнан кейін шығарып жіберген. Полицейлер көршілерден түскен шағымнан кейін бұл әйелдің үйіне барған кезде сұмдық көрініске тап болған. Оның пәтерінен 30 тонна қоқыс пен 80 мысық табылған. Тіпті әлгі мысықтардың артынан ешкім жинамаған, мысық түгілі үйдің өзі біраз жылдар бойы жиналмаған екен.


Бұл қоқыстарды шығаруға үш ай уақыт кеткен. Осы уақыт аралығында үй ішінен 15 мысықтың қалдықтары табылған. Нәтижесінде, сот Элизабетке үй жануарларын ұстауға қатаң тыйым салды.
Шолушы: Сабина Рамазан