Клинтон Трамптың шешіміне қатысты: «Бұл – тарихи қателік»

/uploads/thumbnail/20170710094833178_small.jpg

АҚШ-тың экс-мемелкеттік хатшысы Клинтон президент Дональд Трамптың Париж келсімінен шығамыз деген шешімін «тарихи қателік» деп сынады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бұдан бұрын Трамп келісімнен шығатынын мәлімдеп, Париж келісімінің орнына жаңа келсіміге келуді ұсынған, оның елдің экономикасына қатысты әділ болатынына да уәде берген.

Ал Клинтон Трамптың бұл шешімін сынап, өзінің Твиттердегі парақшасында былай деді: «Тарихи қателік. Әлем климаттық өзгерістерге қатысты алға жылжып келеді. Париж келісімінен шығу америкалық отбасылар мен жұмысшыларды артта қалдырады».

Ауаға паринк газдарын шығаруды азайтып, ғаламдық температураның жоғарылуына қарсы іс-қимылдар жасауды қарастыратын келісімге бұған дейін 194 мемлекет қол қойып, Сирия мен Никарагуа ғана қол қоймаған болатын. Трамп сайлауалды кампаниясында келісім АҚШ-тың экономикалық мүдделеріне қайшы келетінін айтып, одан шығуға уәде берген. Бұған дейін АҚШ пен оның одақтастары және басқа да мемлекеттер Трампқа келісімнен шықпауға ықпал етіп көрмек болған.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар