АҚШ-қа виза жасату ережелері қиындатылды

/uploads/thumbnail/20170710094856710_small.jpg

АҚШ-қа кіру  визасын алғысы келетін әлемдегі барлық елдер үшін жаңа сауалнама нұсқасы дайындалды. Яғни виза алу үшін енді кез-келген елдің азаматы қосымша тағы бір бланк толтырады және оны толтыру үшін елшілік қызметкерлерінің көмегі керек болады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі  шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-қа келгісі келетін азаматтар өз әлеуметтік желілеріндегі аттарын, электронды пошта мекен-жайларын, телефон нөмірлерін жазып қалдыруы керек болады. Және осылардың барлығы соңғы бес жыл бойы қолданылған болуы тиіс.

Сонымен бірге жаңа сауалнамада азамат өзінің соңғы он бес жылдағы биографиясын жазып, сол уақыт аралығында тұрған жерлері мен барған жерлерін жазуға тиіс.  Жаңа бастамаға қарсы шығушылар бұл ереженің шетелден келуші туристер мен студенттерді қорқытып жіберетінін, бұл сауалнама жауап беру өте ұзақ уақыт алатынын айтақан.

Президент Д.Трамп ұлттық қауіпсіздікті күшейту мәселесіне қатаң мән беремін деген уәдесіне байланысты осындай ережелер қабылдап жатқан көрінеді.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар