А. Атамбаев: «Көрменің ұйымдастырылуына Астанадағыдай $3 млрд. жұмсасақ, мені тірідей өртеп жіберер»

/uploads/thumbnail/20170710113311474_small.jpg

2017 жылдың 9 маусымы қазақ жұртшылығы үшін тарихи сәтке толықты. Көптен күткен «ЭКСПО-2017» көрмесі ашылып, еліміздің бар әлемге басқаша қырынан танылуына мүмкіндік туды. Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. 115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растаған.

Қанша айдан бері тынымсыз дайындық үстінде болған мемлекетіміздің үміті, сенімі ақталар. Алайда тарихи көрмеге жұмсалған қаражатты ел азаматтарынан бөлек, өзге мемлекет басшылары да сөз қылды. Мәселен, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
 

«Егер біз Астандағы секілді көрменің ұйымдастырылуына $3 млрд. жұмсағанымызда, мені тірідей өртеп жіберер еді», - деген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі «Таза коом» форумында БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі Жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Біз дамыған елдермен қатар жүруіміз керекпіз. Алайда мемелкеттер арасындағы теңсіздіктің түрлері көп, солардың бірі – сандық технология. Бізде мұнай жоқ, газ жоқ, бірақ бізде берік әрі мықты азаматтық қоғам бар, мұнымызбен мұнай мен газдың орнын баса аламыз. Бұл – біздің мүмкіндігіміз», деп қостады ол.

Президенттің айтуынша, мемлекетте әзірге қаржының жетіспеушілігі орын алуда. Мысал ретінде Астанада өткен көрме үшін ел $3 млрд. жұмсағанын келтірді. «Біз қарапайым жол жөндеу үшін несиеге миллиард алайықшы, халық қалай да наразылығын танытады. Өткен жылы көшпенділердің Екінші ойынын өткізуімізге $30 млн. кеткен еді, халық бірден көтерілді. Ал көрме үшін 3 млрд. жұмсасақ, халық мені тірідей өртеп жіберер. Бірақ қашанғы қаржы жағынан қысылып жүреміз? Мемлекетіміз өсіп-өркендеу үшін, дамуы үшін бір әрекет қылуымыз керек. Мұнай мен газдың жоқтығын біз адам әлеуетімен толтырамыз», деп қорытындылады ол.  

Айта кетейік, кейбір деректерге сәйкес, «ЭКСПО-2017» көрмесінің ұйымдастырылуына $3 млрд. кеткен.

Қатысты Мақалалар