Анасы пешке салып күйдірген баланың 15 жылдан кейінгі жағдайы қалай болды?

/uploads/thumbnail/20170710113352110_small.jpg

Әр күн сайын әлемде адам өлтіру, аяусыз ұрып-соғу секілді түрлі сұмдық оқиғалар орын алуда. Ал, ең қатігез қылмыскерлер – өзінің жақын адамдарына қастандық жасаған адамдар.

2002 жылы бір америкалық отбасыда анасы баласын пешке салып күйдірген. Роберт Смит өз қызының қызып тұрған пештің ішінде жатқанын көріп, дереу көмекке жүгірген. Ол кезде бала 14 айлық болатын. Салдарынан Эшли есімді бүлдіршін 3-ші дәрежелі күйік шалдырған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қыздың анасы Мелисса Райт пештегі темір табалардың барлығын алып тастап, ең жоғары температурада қыздырған. Кейіннен соның ішіне өзінің қызы Эшлиді салып қойған. Өзінің бұл қылығын полиция бөлімшесінде аяқ астынан болған жағдай деп түсіндірді. Кейіннен, белгісіз бір тылсым дауыстар оған қызын пешке сал деп әмір еткендігін, сол дыбыстарды естігендігін айтқан.

Мелисса Райт 25 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кішкентай Эшли 10 жылдың ішінде 28 отаны басынан өткерген.

Бүгінде Эшлидің жасы 15-те, ол енді ғана мектеп табалдырығын аттамақшы. Ол өзінің анасын кешірген: «Мен Мелиссаны кешірдім. Оны жеккөрмеймін де, жақсы да көрмеймін», - дейді ол.

Мелисса Райт мерзімінен ерте босап шығуға арыз берген, алайда сот оған қарсылық білдірді. Оның Кортни есімді үлкен қызы, Эшлидан 8 жасқа үлкен, анасына рақымшылық етуді сұраған. Анасы барлық психикалық ауытқушылықтарынан арылып, толық қалыпқа түскендігін де айтқан болатын. Алайда, Эшли бұған түбегейлі қарсы болған. Оның айтуынша, Мелисса өз жазасын толықтай өтеп шығуы қажет, сонымен қатар Эшли болашақта да өз анасына сенім артудан қорқады екен.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар