11 маусымда ардагер дипломат Намазбаев Шәкір Исламұлы 71 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР СІМ Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
«Шәкір Исламұлы еңбек жолының 14 жылға жуық мерзімін ҚР СІМ жүйесінде абыроймен атқарған. 1993 жылы ҚР СІМ-де Басқарма басшысы лауазымынан бастап, ҚР Үндістандағы Елшілігінің Кеңесшісі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрінің Кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
Шәкір Исламұлының отбасы мен туысқандарына Сыртқы істер министрлігінің ұжымы атынан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымызды білдіреміз», делінген хабарламада.