Алматы қаласының Бостандық ауданы жылу желілерінің учаскелеріндегі арматураның ескіруіне байланысты 2 күнге ыстық сусыз қалады. Бұл туралы Алматы жылу желілері хабарлайды.
«14 маусым сағат таңғы 8-ден 15 маусым сағат кешкі 6-ға дейін Бостандық ауданындағы барлық үйлер мен объектілерде ыстық су өшіріледі. Нақтырақ айтқанда, бұл аумаққа Абай-Ерғалиев көшесі-Тимирязев көшесі-Желтоқсан көшесі» аралығы кірмек.