Шетелдік азаматты 40000 теңгеге жеткізіп салған таксист жұмыстан қуылды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Казинформ-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Жолаушы көлігі басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов: «Болған оқиғаға байланысты жүргізушімен таксомотор паркі арасында қарым-қатынас үзілді»-деді.
Оның сөзіне қарағанда, жақында Астанада барлық таксисттерге бірдей тарифтік жоспар енгізілмекші. «Ендігіден бастап тариф негізгі көрсеткіштен аспайтын болады. Бұл ақпарат барлық вокзалдар мен әуежайларда, қонақүйлерде жарияланатын болады»-деп атап өтті Бекмырза Игенбердинов.
Шолушы: Назерке МҰСА