Әйел өлім аузындағы баласын құтқарып қалған. Біраз жылдан кейін оқиға қайта қайталанды..

/uploads/thumbnail/20170710115307934_small.jpg

Бұл оқиға Майамиде осыдан бірнеше жыл бұрын болған. 37 жастағы Памела Раусео өзінің жиені Себастьянмен  серуеннен соң қайтып бара жатқан. Жол бойы бала жылап мазасы кеткен. Бір мезетте оның даусы мүлдем шықпай қалған. Памела баланың басын бұрып қарағанда оның қозғалмай қалғанын бозарып бара жатқанын байқаған.

Әйел тез арада отырған автокөлігінен шығарып алып оған қолдан дем алдырған. Мұны көшеде келе жатқан фотокорреспондент түсіріп алған.

Бірнеше адам тоқтап Памелаға көмектесуге тырысқан. Полицейлер оқиға орынына жақын жерде болып баланы  өмірге қайта келтіруге көмектескен.

Жедел жәрдем шақырылған. Алайда көмек келем дегенше Себастьянның жүрек соғысы қайта  жоғала бастаған.  Осы кезде Памела баланы қолдан ем алғызуға тырысқан.

Бала шала туылған екен. Оның тыныс жолдарына байланысты проблемалары болған.

Осыған дейін бірнеше жыл бұрын Памеланың өз ұлы да тура осындай жағдайдан о дүниелік болып кете жаздаған. Сол кезде оны жедел жәрдем құтқарып қалған. Осы жағдайдан кейін Памела алғашқы медециналық көмек беру курстарына жазылып үйреніп алған. Міне, осы білімі оның өз жиенінің өмірін сақтап қалуға көмегін тигізен.

Алайда, Памеланың айтуы бойынша, ол төтенше жағдай орын алғанда өзінің курсқа барғанын мүлдем ұмытып кеткен. Барлық нәрсені автоматты түрде жасадым дейді әйел. «Әпкем маған баласын табыстады. Мен оның аманатына қиянат жасамауым керек болды»-дейді Памела. Қазір оның жиенінің денсаулығы жақсы. 

Күнделікті өмірде аяқ асты, төтенше жағдайларға тап болып жатамыз. Сол кезде адамның өмірін бір-екі минут, кейде секунттар шешім жатады. Ең бастысы барлығын уақытында, сеш сасапай, қорықпай істеу. Қорқыныш пен байбаламға салыну сіз бен жақыныңыздың өмірін құтқармайды, осыны есте сақтаған жөн.

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар