Әлеуметтік желіде полицейлерді балағаттаған әйел жарты млн. айыппұл төлейді

/uploads/thumbnail/20170710115329333_small.jpg

Әлеуметтік желіде полицейлерді балағаттаған павлодарлық жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлеуі мүмкін.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Вконтакте әлеуметтік желісіндегі «Типичный Павлодар» қауымдастығында пайдаланушылардың бірі құқық қорғау органдарының өкілдеріне тіл тигізген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Павлодар жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

 Полиция қызметкерлерін балағаттағаны үшін тәртіп сақшылары облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын анықтады және қамауға алды. - 26 жастағы әйел адам өзінің әрекеттері заңсыз екенін сезіне отырып, полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін тұрпайы лексика қолданған.

 Бұзақылыққа жол берген азаматша қамауға алынып, өз кінәсін мойындады. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚПК 378-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тағайындалды. Ол 300 АЕК-ге дейін айыппұл төлеу түрінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ заңға сәйкес 240 сағаттық мерзімге дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 75 тәулікке дейін қамауға алу жазалары қаралған, - дейді баспасөз қызметінде.
 

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ

Қатысты Мақалалар