17 жыл бойы бала көтере алмаған әйел үмітін үзбеген, алайда барлығы ол ойламағандай болды...

/uploads/thumbnail/20170710115419491_small.jpg

Кейде бақыт ең соңында келеді. Тек күту керек. Төмендегі оқиға мен оның басты кейіпкерлердің бастан өткергені  осының дәлелі.

Нигериялық жұбайлардың оқиғасы көп адамдарға таныс әрі түсінікті болуы мүмкін. Аджибола мен Адебойя - сүйіп қосылған ерлі-зайыптылар. Бірге бала сүю олардың арманы болған.

17 жыл бойы Аджибола өз сүйіктісінен бала көтеруге тырысқан. Жүкті болу үшін барлық тәсілдерді қолданған. Бармаған дәрігері жасамаған емі қалмаған. Тіпті әйел бала көтере алаймын ба деген күдік келтіре бастаған.

Тағаттары таусылған күйеуінің туғандары ер адамға қысым жасай бастаған. Тіпті басқа әйел алуды да ұсынған. Алайда Адебойя әйлімен сүйіп қосылған еді, сондықтан өзге туралы ойлағысы келмеген.

Көптен күткен жүктілік белгілі болған кезде ерлі-зайыптылар қуаныштан ес жия алмай қалған. Болашақ әке әйелін сапалы дәрігерлерге табыстағысы келіп АҚШ-қа апарады.

Ерлі-зайыптыларға төрт баланың ата-анасы атанатындықтарын айтқан. Алайда шындық ойлағандай болмады. Жүктіліктің 30-аптасында әйел 6 бірдей баланы дүниеге әкелген.

3 ұл мен 3 қыз босанған. Ең ірі сәбидің өзі 1,3 кг болса, кішісі 700 г болған. Қазір сәбилердің денсаулығы жақсы. Бірден алты баланы босану қазіргі таңда экстраординарлық жағдай болып есептеледі.

17 жылдық сынақтың осындай  қуанышпен аяқталатынын кім білген...

Дайындаған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар