«Қарулы Күштерде БАҚ-пен жұмыс жолдарын үйлестіру» атты дөңгелек үстел өтті

/uploads/thumbnail/20170710115708056_small.jpg

Бүгін Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен "Қарулы Күштерде БАҚ-пен жұмыс жолдарын үйлестіру" атты дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, халық арасында армияда өткізілетін іс-шараларды кеңінен тарату және әскердің оң болмысын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық іс-шараларды жүзеге асыру. Сондай-ақ Қарулы Күштерінің имиджін көтеру, әскери қызметтің абыройы мен беделін арттыруға БАҚ қызметінің рөлі зор болғандықтан БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс жасау болып табылады. Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының баспасөз қызметінің хатшысы қызметі 2015 жылы ашылғанын атап өткен жөн.

 

Дөңгелек үстелде "Түркітілдес журналистер қоры" қоғамдық қорының президенті. Қазақстандағы Әйел журналистер клубының жетекшісі. "Ынта мен ынтымақ" қоғамдық қорының директоры Нәзия Жоямергенқызы "Кәсіби имидж және БАҚ" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Дөңгелек үстелде БАҚ жұмыстарының негізгі тетіктері талқыланып, қатысушылар өз ойларын айтты. Іс-шара соңында "Түркітілдес журналистер қоры" қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызына Қарулы Күштердің имиджін көтеруге атсалысқаны үшін Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің бастығы майор Новикова Кристина мадақтама тапсырды.

Қарлығаш Мұсабекқызы, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар