Қырғызстанда Майлуу-Суу өзенінде табылған адам аяғының кімге тиесілі екені анықталды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Turmush басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, Майлуу-Суу қаласының 62 жастағы тұрғынының аяғын ампутациялаған. Өзенде адам аяғы табылды деген ақпарат тараған соң жедел топ оқиға орнына жеткен. Табылған адам аяғын сараптамаға жіберген. Содан кейін аяқтың ампутацияланғаны белгілі болған. 2016 жылы ауруға байланысты кесілген аяқтың өзенде табылу себептері анықталып жатыр. Аяқ иесінің айтуы бойынша ол туысқандарымен бірге ампутациялған дене бөлігін жерге көміп тастаған. Алайда оның өзенге шығып кету себебі белгісіз.
Жергілікті тұрғындар адамның аяғын 9 маусым күні тауып алған.
Пікір қалдыру