BMW автокөлігін мінеген баскесерлер MAN жүк көлігін жол бойында қыспаққа алады. Көлік жүргізушісі амалсыз тоқтауға мәжбүр болады. Баскесерлер жүк көлігінің ішіндегі барлық жолаушыларды сыртқа шығарып, соққыға жығып, байлап тастайды. Бұл жағдай Түркістан қаласында 17 мамыр күні орын алған болатын. Енді ғана қылмыскерлердің ізіне түсіп, 6 күдіктіні құрықталды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі liter.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Қылмыскерлер өздерімен бірге 30 мың теңге және бірнеше ұялы телефон алып кеткен. Жүк көлігінің ішінен 185 мың теңге ақша алып, жүк көлігіндегі барлық тиелген жүкті қолды еткен. Жүк көлігінде 5-6 тонна түрлі түсті металл болған», деп хабарлады Түркістан қаласының прокуроры Руслан Абдраимов.
Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Шолушы: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру