Министр ұялы телефондарды ұрлаудың тиімсіз екенін айтты

/uploads/thumbnail/20170710120931533_small.jpg

Бүгінде бөтеннің мүлкін ұрлау үлкен мәселеге айналып отыр. Ресми дерек бойынша, Астанада жасалатын ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы. Әсіресе қоғамдық орындарда автокөлік тонау, ұялы телефон ұрлығы, құрылыс объектілері мен пәтер тонау тиылмай келеді. 

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ұялы телефондарды ұрлауға қарсы күрес туралы айтып берді, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

"Ұялы телефонды ұрлауды пайдасы әрі мәнсіз ету бойынша шара қолданып жатырмыз. Ұрлған адам оны өзі пайдалана алмайтын немесе сата алмайтын болу керек. Қажетті шаралар жүзеге асырылып жатыр. Тек ұялы байланыс операторларымен шешетін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бар", - дейді Қасымов халықпен есептік кездесуі кезінде. 

Қазақстанда қалта ұрыларының қолына ең оңай әрі ең көп түсетін «олжа» - ол ұялы телефон. Бұны құқық қорғаушылар да растап отыр. Бас прокуратураның жанындағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болғандай, Қазақстанда тіркелген 100 ұрлық фактісінің 21-і ұялы телефонға қатысты екен.

Шолушы: Айгерім ТАУБАЙ
 

Қатысты Мақалалар