Айтулы екі ғалымның зерттеулерінің нәтижесі бойынша адамның миы «биологиялық компьютер» болып табылады. Ал адамның санасы – кванттық компьютерді басқаратын бағдарлама. Адамның санасы-ми ішінде орналасқан. Ол адам дүниеден өткеннен кейін де өз жұмысын тоқтатпайды.
Сарапшылардың айтуынша , адамның жүрегі тоқтап қалса да, жаны тіршілігін тоқтатпайды.
Бүкіл әлем зерттеушілері адам жанының тіршілігін тоқтатауы жайында жылдар бойы зерттеулер жүргізіп келеді. Жақын арада бір топ ғалымдар адам жаны дүниеден өткен соң да, адам миы өзінің тіршілігін тоқтатпайды деп хабарлады.
1996 жылдан бері америкалық физик , анестезиология мен психология саласында еңбек етіп жүрген Стюарт Хамерофф және Оксфорд университетінің физик-математигі Роджер Пенроуз сананың кванттық теориясы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде адам жаны мидың микробутуласында орналасқан.
Ғалымдар бұл құбылысты Orchestrated Objective Reduction — Orch-OR деп атаған.
Теория негізінде адамдар «клиникалық өлімге» кезіккенде ми ішіндегі микротубул өзінің кванттық есін жоғалтады, соған қарамастан адам миындағы бар ақпаратты сақтап қалады.
Доктор Хамероффтың айтуы бойынша: «Адамның жүрегі тоқтайды, тамырлардан қан жүруін тоқтатады, микротубулдар өзінің кванттық күйін жоғалтады. Соған қарамастан ми ішіндегі кванттық ақпарат сақталады. Мұндай жағдайды адам клиникалық өлімге ұшырады деп айтады. Ондай жағдайда кванттық ақпарат адам жанынан бөлініп, Жер бетіне қайта оралады».
Шолушы: Айгерім Таубай