Байқоңырдан шұжық пен тұздық салынған жүк кемесі ғарышқа ұшырылды

/uploads/thumbnail/20170710121219038_small.jpg

Байқоңырдан "Прогресс МС-06" ғарыш жүк кемесі "Союз-2.1а" зымыраны арқылы Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылды, - деп жазады tengrinews.kz. Роскосмос өкіліне сілтеме жасап.  "Ғарыш кемесі уақытында ұшырылды. "Союздің" үшінші сатысындағы ғарыш жүк кемесі Мәскеу уақыты бойынша 12:29-да ажыратылады", - дейді Роскосмос өкілі. 

Қалыпты жүктен өзге кеме бортында "Энергия" ғарыш зымыраны корпорациясының студенттер мен жас ғалымдармен бірігіп дайындалған наносеріктер бар.  Медика-биологиялық мәселелер институтының тамақтану бөлімінің жетекшісі Александр Агуреевтің сөзінше, ғарыш жүк кемесінің бортында су, сығылған газ бен тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің құрылғыларынан бөлек "Хрен" және "Аджика" тұздықтары, "Пармезан" дәмімен "Пиколини" шұжықтарының 10 қаптамасы және "Хамон" дәмімен 10 қаптамасы салынған.
 

Қатысты Мақалалар