Солтүстік Каролинада тұратын 25 жастағы мұғалім Эрин Маколифке 3 оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылды. Полиция қызметкерлерінің болжамы бойынша оқушылардың екеуі 17 жаста, бірі 16 жаста екен. Тартымды мұғалімнің қылмысы айлық тексеріс кезінде дәлелденіп, қамауға алынды.


Ол қылмысы белгілі бола салысымен мектептен қуылды. Алайда әлеуметтік желілерде мұғалімді жақтайтын жігіттердің саны күннен күнге артуда. Әлеуметтік желіде осы оқушылардың бірінің орнында болсам ғой деп армандаған жігіттер көп. Жігіттердің көбі мұғалімге қолдау көрсетіп, көмектесуге тырысқан.

Эрин жергілікті мектептердің бірінде математика пәнінен сабақ берген. Оны 5 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Дайындаған: Сабина Рамазан