Екі баланың анасы терроризмді насихаттады деген айыппен 5 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20170710122155178_small.jpg

Алматы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов 34 жастағы Қапшағай тұрғыны Жанна Өмірованы діни араздықты қоздырып, терроризмді насихаттады деген айып бойынша бес жыл бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап.

Үкім мемлекеттік айыптаушының қатысуымен, бірақ мемлекет тағайындаған адвокатсыз оқылды. Сотталушы Жанна Өмірова шешіммен келіспейтінін, апелляциялық шағым беретінін айтты.

Жанна Өмірова үкім алдында соңғы сөзін айтып, өзін соттамауын сұраған еді. Ол кішкентай екі бала тәрбиелеп отырғанын және зейнеттегі мүгедек анасына қарап отырғанын ескеруін сұраған. Сотталушы сонымен бірге өзіне қатысты істі арнайы қызмет әдейі ұйымдастырғанын, өзі терроризмді насихаттамағанын айтады.

Жанна Өмірова биыл қаңтар айында ұсталған.

Оның кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қазір 65 жастағы анасының қолында.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар