Адамның дарыны, мінезі туралы көзінен білуге болады екен. Зерттеушілердің пайымдауынша көк көзді адамдар өте дарынды, пысық, табысты және өршіл болып келеді. Әдетте көк көзділер арманшыл және романтик болады. Ренішті көпке дейін ұмытпай жүретіні де бар.
Ал қоңыр көзді жандар импульсивті болып келеді. Оларда көшбасшы қасиеті өте жоғары дамыған. Әр істеген жұмысынан кейін мақтауды естігенді ұнатады. Үнемі қозғалыста, алдарына мақсат қойып соған жетуге талпынады. Қоңыр көзділер тез ашуланып кетсе де, тез қайтады. Жаңа ортада тез тіл табысып кететін қасиеттері тағы бар.
Ашық-қоңыр көздер нәзік жандылардың нағыз өздері. Олар өте сезімтал, ұялшақ, тұйық мінезді болып келеді екен. Қанша нәзік болып көрінгенімен, іштей олардың өз мінездері бар. Өздеріне дұрыс болып көрінетін жолмен жүреді.
Сұр көзді адамдар нағыз еңбекқор мен ойшылдардың өзі. Терең ойлай білетін жандар. Қойған мақсатына нық қадаммен жете алады. Бойларында романтика болмағанымен, өте сенімді және тұрақты. Туындаған проблемадан қашпайды, барынша шешуге тырысады.