Алматыда жол-көлік апаты орын алды: төрт адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170710122856732_small.jpeg

Алматыда жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті, - деп жазады tengrinews.kz СТВ-ға сілтеме жасап. Жол апаты 15 маусымда кешкі уақытта Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Nissan Sunny жүргізушісі Панфилов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қиылысқа келгенде Volkswagen Passat көлігімен соғысқан. Жол апатының салдарынан Nissan Sunny көлігіндегі үш қыз бен Volkswagen Passat жолаушысы зардап шеккен. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар