Америкалықтардың үрейін тудырған «беті жоқ Чарли» немесе «жасыл құбыжық»

/uploads/thumbnail/20170710123546727_small.jpg

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық солдаттар окоптарда бір-біріне өз елінің  қорқынышты оқиғаларын баяндап беретін. Сондай оқиғалардың бірі 20 ғасырдың басында Пенсильвания мекенінде тіршілік еткен «жасыл құбыжық» жайында болды. Жауынгерлердің айтуынша, ол адам түнде көше кезіп жүретін көрінеді. Түрлі дыбыстар шығарып, үстінен жасыл түс жарқырап тұратын. Тастанды туннельде өмір сүретін, бетінде үлкен жырығы бар жасыл түсті құбыжық америкалықтардың аузынан түспейтін болған.

Тек адамдар мұны жай ғана аңызға балап, аса сенімділік таныта бермейтін. Алайда «беті жоқ Чарлидің» желіде суреттері тарай бастайды . Сөйтіп, орманды кезген құбыжық жөнінде аңыз шындыққа айналып шыға келді.

20 ғасырдың басында Пенсильвания қаласында Раймонд Робинсон есімді балақай өмір сүрді. 10 жасында құстың ұясын көргісі келіп, ағаш басына шығады. Ақыры аяғы тайып кетіп, электерлі сымдардың үстіне құлап, сымдардан тоқ соққан.

Соның саллдарынан баланың беті қатты күйіп қалған, ал дәрігерлер оны тіпті емедгісі келмеген. Себебі, Раймонд бетінен айырылған, оның орнына үлкен тесік пайда болады. Онымен қоса, бір қолынан айырылады.  Ол замандарда электр «ғылымдағы сиқырлы зат» саналған, сол себепті ел арасында Раймондтың денесінен күйіктің салдарынан жасыл түс жанып тұрады деген қауесет тараған.

Иә, Раймонд аман қалды, бірақ өмірі сұмдыққа айналды. Оны таныған достары мен көршілері жырықтан басқа түгі жоқ беттің түбінде қандай мейірмді жанның жатқанын жақсы білді. Ал танымайтындардың көзіне түрі ұсқынсыз құбыжық қана елестейтін. Алғашында түрінің ұсқынсыздығына қарамай жұмыс істеген көрінеді, белдіктер, әмияндар, сөмкелер жасап, күн көретін, бірақ адамдардың көбі одан барынша аулақ болуға тырысып, саудасы жүрмей қалған. Содан бері көше кезіп кетеді.   

Билік пен мейірімді жандар оған көмектеспек болды. Алайда Раймонд жалғыз, әрі тыныштықта болуды қалап, адамдардан қашып жүретін. Сөйтіп ел арасында түнде көше кезіп жүретін «беті жоқ Чарли» туралы әңгіме тарап кетеді. Ол адамдардың көзіне түспес үшін, көшеге түнде шығуды жөн санайтын.

Адамдар арасында құбыжық кейпіндегі қарапайымм адам баласы жөнінде түрлі қауесеттер шыға бастайды. Тіпті елдегі белгісіз кісі өлтіру, адам ұрлау сынды қылмыстарды Раймондқа жаба салатын. Уақыт өте келе өмірде шын мәнісінде болған баланың оқиғасы, адамдардың бойына үрей тудыратын аңызға айналды.

Ал Раймонд Робинсон 1985 жылы қайтыс болған екен.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар