Бұл – ақырзаман белгісі ме?.. Венецияда құрғақшылық басталып, қала батпаққа айналды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710123839296_small.jpg

Күн сайын Венецияға туристер әлемнің түкпір-түкпірінен судағы қаланы көру үшін ағылып келіп жататын. Алайда, қазір барған туристердің жолдары болмады. Бұл мүмкін еместей көрінетін болар, алайда ол қалада құрғақшылық орын алып, су арналары босап, қайықтар батпақта тұрып қалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі amn.com.ua сайтына сілтеме жасап.

Судың қалыпсыз күйде тұруының салдарынан Венецияда құрғақшылық басталды.

Екі күннен бері қаладағы су деңгейі төмендеп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл қала өзінің көз тартарлық келбетінен, түрлі бояуға боялған су арналарынан айырылды, себебі олар қазір бос тұр. Туристер ендігі кезекте жантүршігерлік көріністерге куә болады.

Венециядағы қайықтар балшыққа батып қалды. Қаланың мұндай күйге душар болуына Италияның солтүстік-шығыс аймағында жауын-шашынның күрт төмендеуіне қатысты болып отыр. Венеция күн сайын суға толып бара жатқаннан гөрі оның сусыз қалуы адам сенгісіз жағдай болып отыр.

Су арналарының бос қалуы – қаланы үлкен апатқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Су мөлшерінің күрт төмендеуінен ескі ғимараттардың қабырғалары жарылып, су кететін жерлерде үлкен мәселелер туындауы мүмкін. Бұл уақытқа дейін адамдар қоқыстарын суға тастап кететін. Бүгінгі күнде үлкен ғимараттарда сарқынды суды тазарту жүйелерін орнатылған. Алайда әлі күнге дейін қалаға жағымсыз иісі тарайтын жерлер бар.

Венеция қаласын су тасқыны немесе жердің құрғақшылыққа айналу мәселесін корғаныс барьері арқылы шешу қажет. Бұл барьер шығанақ пен су тасқынын бақылайтын ұялы қақпа болып табылады. Бұл жоба өте қомақты қаржыны қажет етеді. Алайда жергілікті билік мұндай мәселені шешудің жолын білсе де, оны ертерек қолаға алу үшін қомақты қаржы салуға асығар емес.

Су арналарының бос қалуының салдарынан су түбінде қалған қоқыстар көріне бастады. 

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар