Мәскеуде бір әйел «Хёнда-Соляри» автокөлігімен аулада жүрген 6 жастағы Алеша Шимко есімді бүлдіршінді қағып кеткен. Көлік иесінің айтуынша, бала мас күйінде жүрген екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Аталмыш оқиғадан кейін сараптама жүргізілді. Құжаттарда көрсетілгендей, бала өте қатты мас болған екен. Ал тергеуші осы құжаттарға сәйкес бала көліктің астына өзі келіп түсті деген қорытынды жасаған.
Оқиға Павлино микроауданында №39 үйдің жанында орын алған. Ол уақытта Алеша өзінің атасымен серуендеп келе жатқан болатын. Жеңіл автокөлік баланы басып өтіп, 10 метрдей жерге дейін сүйреп алып кеткен. Ауыр жарақаттың салдарынан балақай оқиға орнында көз жұмды.
Жол апатын көзімен көрген куәгерлердің айтуынша, әйел баланы қақпастан алдын жоғары жылдамдықпен қозғала отырып телефонмен сөйлесіп келе жатқан, жылдамдығы шамамен 50 км\сағ.
Алайда 31 жастағы Ольга Алисова баланың өзін айыптап, көліктің астына келіп түскен өзі дейді.
Аталмыш оқиғаға байланысты сараптама қорытындысында баланың қанының құрамында 2,7 промиль алкоголь болғандығын көрсетіп отыр. Құжаттарда көрсетілгендей 6 жастағы бүлдіршін алкоголь ішіп алған екен. Мұндай қорытындыны көрген баланың отбасы сараптаманы қайт жүргізуді талап етіп отыр.
Шолушы: Назерке Лабихан