Нью-Йорктегі қазақстандық полицей кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне жетті

/uploads/thumbnail/20170710124456600_small.jpg

АҚШ-та осымен бірнеше жыл өмір сүріп, сонда полицей болып жұмыс істеп жүрген Шымкент тумасы Димаш Ниязов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Детройт қаласында өткен бокс кеші аясында Ниязов Доминикадан келген боксшы Рамон Геварамен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездсесу бесінші раундта Димаштың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, Ниязов осыған дейін бірде-бер рет жеңіліп көрмеген. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі.

Сондай-ақ, бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов та мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
 

Қатысты Мақалалар