Адамдар сүйсініп қараған жануар туралы шындықты естігенде есеңгіреп қалды

/uploads/thumbnail/20170710124522707_small.jpg

Борнео орманында ерекше жануар пайда болғанда, адамдар оны сирек кездесетін жануар түріне жатқызып, сүйсініп қараған. Алайда нағыз шындықты білгенде тұрғындар есеңгіреп қалды. Билік бұл жануардың малай аюы екенін және оның ауруға шалдыққанын айтты. Ауруының салдарынан жануардың жүні түгелдей дерлік сыпырылып түскен, сол себепті түрі ерекше көрінеді.

Нағыз малай аюы мынадай болуы керек еді.

Ал ауруға шалдыққан аюдың сиқы төмендегідей.

Адамдар оны ұзақ іздеген көрінеді, бірнеше күннен кейін көрші плантациядан табады. Жыртқыш қатты қорқып қалғандықтан өзін агрессивті түрде ұстаған. Соның өзінде адамдар көмектесуге тырысты.

Саравак орманды корпорациясы өкілдерінің айтуынша, құтқарылған аю өте жайлы мекенге орналастрылды, әрі адамдардың қорғауында. Дегенмен әлі де ауру белгілері байқалады. Сол себепті жабайы табиғат орталығына жөнелтілген.

Силье Робертсон есімді ветеринар жануарды мұқият тексеріп, керекті сараптамаларды жасап, терісіне инфекцияның түскенін, сондай-ақ қаны аздығын анықтады.

Адамдардың қамқорлығының арқасында жағдайы жақсы жаққа қарай өзгеріп келеді, емдеу процесі өз нәтижесін берді.. Аю толық айыққан соң оны орманға жіберіп, өз тұқымдастарының қатарына қоспақ.

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар