Қолжетімді баспанаға қалай қолжеткізуге болады?

/uploads/thumbnail/20170710124702658_small.jpg

Бүгінде «Қазақстан Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің» ұсынып отырған «Нұрлы жол» және «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламалары бойынша баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Егер сіз аталмыш банктен есепшот ашып, келісімшартта көрсетілген қаржы көлемін ай сайын салып отырсаңыз, кем дегенде төрт жыл ішінде баспанаға қол жеткізуге болады. 
– «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы уақытша тоқтатылды.

Банктің облыстық бөлімшелерінде «Бәйтерек Девелопмент» желісі бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үйге өтініш қабылдау басталған. «Салымшылар өздерінің есепшоттарын баспана мәселесін шешу үшін ашатындықтан, оларға арналған тиімді ұсыныстар ауқымын кеңейтуге барынша тырысамыз. Тиімді шарттар мен баспана сапасын алдыңғы орынға қойып, аталмыш бағдарлама бойынша 30 пайыздық бастапқы жарнамен несие береміз, - дейді «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының маманы Архат Асаубаев.
«Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» салымшыларының депозитінде бір жылда 450 мың теңге жиналатын болса, оған мемлекет тарапынан 90 мың теңге сыйақы қосылады. Ал егер кемінде 200 мың теңге жинайтын болсаңыз, оның үстіне 40 мың теңге сыйақы мөлшерлемесі беріледі. Жалпы, жеке баспанаға қол жеткізу үшін ипотека арқылы да үй алуға болады. Алайда, қаржы мамандарының айтуынша, бұл тиімсіз әдіс көрінеді.

«Жас отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алу үшін соңғы бес жылда отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүлік тіркелмеуі тиіс. Сонымен қатар, аталмыш бағдарламаға жастары 29-ға толмаған жас отбасылар ғана қатыса алатынын айта кеткен жөн.

Ақан Бектас

Қатысты Мақалалар