ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ КАСКАДЕРЛЕР АЛМАТЫДА АТТЫ ШОУ ӨТКІЗЕДІ

/uploads/thumbnail/20170710124720189_small.jpeg

Алматыда әлемге танымал каскадерлер ат ойнатып, қалың жұртты таң қалдырады, деп жазады Qamshy.kz. Аталған шара Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауымен өтеді.

Nomad Stunts командасы Алматыда ACTION FOR RED шоуы 9 шілдеде сағат 11-де Алматы ипподромында өтеді. Шоудың билеттерінің бағасы 100 теңгеден. 7 жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады. Шарада жиналған қаржы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы жұмыстарын қолдауға жұмсалады.
Бұған дейін  Nomad Stunts  каскадерлары «The Expendables 2», «Викинг», «Дневной Дозор», «47 ронинов», «Көшпенділер», «Шал», «Анаға апарар жол», «Монғол», «Конан-Варвар» фильмдерінде,  «Марко Поло», «Ертұғырыл» және басқа да тарихи телехикаяларға қатысқан.

Айта кетсек, Қазақстан каскадерлерінің түсірілімдері адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі. 2016 жылы олар «Донор бол – өмірді сақтап қал» акциясына қатысып, қан тапсырған еді.
2016 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, трюктерді қоюшы, «Номад» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновтың командасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамында алғашқы медициналық көмек көрсету тәлімін алып, халықаралық сертификатқа ие болған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салатын ізгілікті қоғам. Әлемнің 189 елінен 500 миллионнан астам мүшесі бар. 

Қатысты Мақалалар