8 жастағы Айкөркем Алдамжардың мәйітін Орал өзенінен сүңгуірлер тауып алды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап.
«Бүлдіршінді бүгін, яғни 19 маусымда кешкі уақытта тауып алды. Оның денесі ауылдан 1 шақырым қашықтықта жатқан өзеннен табылды. Мәйіт полиция басқармасына тапсырылды», - деп мәлімдеді Самат Кумашев.
Естеріңізге сала кетсек Айкөркем Алдамжар 14 маусым күні жоғалып кеткен болатын. Кішкентай бүлдіршінді іздеу жұмыстары 5 күнге дейін жалғасқан. Бұл іске 13 құтқарушы, оның ішінде 5 сүңгуір, полиция қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті тұрғындар қатысқан.
Баланың өлімін анықтайтын сараптама қорытындысы кешірек белгілі болады.
Шолушы: Назерке Лабихан