Иран су үнемдеу үшін Қазақстаннан 10 мың гектар жерді жалға алмақ

/uploads/thumbnail/20170710130605447_small.jpg

Оңтүстік-Хорасан ауылшаруашылығы ұйымы 14 маусым күні Иран елінің солтүстік-батысындағы су тапшылығы мен құрғақшылық мәселесін жою мақсатында Қазақстаннан 10 мың гектар жерді жалға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі АГРОбизнес сайтына сілтеме жасап.

Агро-аутсоринг өзге елдерде ауылшаруашылық өнімдерін арттыру мақсатында сатып алу, жалға беру, лизинг тәжірибесінде жүргізіледі.

Иран елі осы жылы бидай және арпа өндіруден бірінші қатарға шығуы мүмкіндігіне қарамастан, ол Каспий өңірінде орналасқан көрші мемлекеттің агроаутсоринг көмегімен шығынды және су тапшылығы мәселесін төмендетуді көздеп отыр. Соңғы жылдары мұндай келісім осымен екінші рет болып отыр.

Ауылшаруашылығы ұйымының өңілі Мохаммад-Али Бихарридің айтуынша, бұл мемлекет жақын арада Украинамен өзара мәмілеге отыруға үмітті екен. Себебі, Иран еліндегі ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс артып келеді.

Иран мен Қазақстан арасындағы «Шетелдегі фермерлік» деп аталатын келісімшарт өткен жылдың маусым айында орындалған болатын. Бұл келісімшарттың негізгі мақсаты: ауылшаруашылығы қорын нығайту және Иран елінде Оңтүстік Америка және де басқа өңірдің эксперттерінен азықты сатып алуды қысқарту.

Иран елі бірнеше елдерден 1 млн. гектарға дейін жерді жалға алып отыр.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар